АҚШ хатшысымен кездесу C5+1 форматында өтеді

27 Ақпан 2023, 17:08
1347
Бөлісу:
АҚШ хатшысымен кездесу C5+1 форматында өтеді
Фото: rbc.ru

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді. Президент Қасым Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

28 ақпан күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы сапары өтеді. Астанада Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым Жомарт Тоқаев қабылдап, Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер өткізіледі, - деді Айбек Смдияров

Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының “С5+1” форматындағы министрлік кездесу өтеді.

Өзгелердің жаңалығы