Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

2 Маусым 2022, 10:29
1319
Бөлісу:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы  тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып Нұрбек Шынтемірұлы Әмиша тағайындалды.

Нұрбек Әмиша - «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2017-2018 жж  Ұлыбританияның Лидс университетінде магистратура оқып, саяси қатынастар магистрі атағын алды. 

Нұрбек Шынтемірұлы «Халық» газеті, Қызылорда облыстық «Сыр бойы», республикалық «Айқын» газеттерінде тілші, «Қазақстан-Қызылорда» және «Хабар» арналарында бас редактор болған. «Bilim Media Group» компаниясы және «Ұлттық аударма бюросында» әдеби редактор қызметтерін атқарды. «Болашақ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшылығында басшылық етіп, «Сан-Ай пресс» ЖШС-да бас директордың орынбасары болған.

Өзгелердің жаңалығы