Ақмола облысындағы құрғақ шөп өртін сөндіру қиынға соғып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын Біржан сал атындағы ауданның Қайнар ауылынан 15 км жерде шыққан.
Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Жағдайға кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар өрт алдын ала ауданының 1 100 гектарды құрайтынын анықтады. Елді мекендерге қауіп жоқ, - деп мәлімдеді ведомстводан.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Оқи отырыңыз: