Ақмолада Әзірбайжан азаматы жол апатына түсті

3 Қаңтар 2024, 00:18
826
Бөлісу:
Ақмолада Әзірбайжан азаматы жол апатына түсті
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері жол апатына түскен Әзірбайжан азаматына төрт сағаттан аса уақыт бойы көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 1 қаңтарда Қостанай - Әулиекөл - Сурған автожолында құтқару операциясы жүргізілген.

Ақмолада Әзірбайжан азаматы жол апатына түсті
Фото: Polisia.kz

Жолда 20 тоннадан астам жасымық тасымалдаған Әзірбайжан азаматы қиын жағдайға тап болды. Жүргізуші басқаруды жеңе алмай, ауыр жүгі бар көлікпен жол жиегіне түсіп өздігінен шыға алмаған. Шетелдіктің түсіндірмелерін тыңдағаннан кейін инспекторлар құтқару операциясына кірісті. Полиция қызметкерлері қажетті құрылғылары бар басқа да арнайы мамандардың көмегімен жол жиегіне фураны алып шықты, бұл ретте басқа көлік құралдары үшін қозғалыс қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз етті, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы