Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Ақмола облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 737 Жарлығымен енгізілген Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, – делінген Жарлықта.
Сондай-ақ дәл осындай арнайы жарлықпен Қостанай облысында да төтенше жағдай режимі тоқтады.
«Қостанай облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 743 Жарлығымен енгізілген Қостанай облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, – делінген Жарлықта.
Бұл жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.