Ақмола облысының алты ауданында құрғақ шөп өртенді

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 Ақмола облысы ТЖД 1 Тамыз 2026, 08:46
1 Тамыз 2026, 08:46
118
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысының алты ауданында және Степногорск қаласында құрғақ шөптің жану деректері тіркелді. Өрттің жалпы аумағы 69 гектардан асты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ошақтары Жақсы, Ерейментау, Целиноград, Шортанды, Атбасар, Ақкөл аудандарында және Степногорск қаласында анықталған.

Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, «Ауыл құтқарушылары» бөлімшелері, сондай-ақ басқа да қызметтердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде барлық өрт ошақтары толықтай сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 

Наверх