Ақмола облысында террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі жарияланды

13 Қаңтар 2022, 21:32
1201
Бөлісу:
Ақмола облысында террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі енгізілді.

 Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы хабарлады.

«2022 жылғы 13 қаңтардан бастап Ақмола облысының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың басшысымен террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі енгізілді (Қазақстан Республикасы Президентінің 09.08.2013 ж. №611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» жарлығының талаптарына сәйкес). Облыс тұрғындары мен қонақтарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және құқық қорғау мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз, - делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабтың мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы