Ақмола облысында мал басын есепке алу жұмыстары басталды

11 Ақпан 2022, 18:01
1789
Бөлісу:
Ақмола облысында мал басын есепке алу жұмыстары басталды

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде шаруашылықтың барлық санаттарындағысәйкестендірілмеген жануарларды тіркеу үшін «Жасылдәліз-3» функционалы іске қосылды. Ондағы мәліметтер ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендіру дерекқорына енгізілетін болады. 

Жаңа жүйенің ерекшеліктері туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов айтып берді.

Оның мәліметінше, көбінесе елді мекендерде сәйкестендіруменқамтылмаған мал басы бар. Нәтижесіндебұрыс мәліметтер эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге байланыстыіс-шараларды жүргізубойынша сапалы жоспарлау жүргізуге мүмкіндікбермейді. Осыған байланысты өңірлерде «Жасыл дәліз-3» функционалы жұмыс істейтін болады. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендіру дерекқорына енгізіледі. 

Қазіргі уақытта өңірде ұйымдастырушаралары басталды. Облыстың әрбір өңіріндеаудандық статистика органдары, ветеринарлық станциялардың жауапты мамандары, ауылдық округтердіңәкімдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, шаруа және фермерқожалықтарының басшылары  сияқты тиісті қызметтердің қатысуымен жұмыс кеңестері өткізіледі. Сонымен қатар барлықақпараттық алаңдарды пайдалана отырып, түсіндіружұмыстары басталды. Есепке алынбағанжануарлардың иелерін анықтау үшін барлыққызметтермен, соның ішінде полициямен бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Неге бұл акция дәл қазір өткізілуде? Біздің ветеринарлық қызметтеріміз барлық аудандарда сәйкестендірілмеген малдың бар-жоғынтіркейді. Бұған мал иелерінің ветеринарлық қызметтерге уақытылы жүгінбеуі, қолда бармалдың нақты санынкөрсеткісі келмеуі басты себеп болып отыр Біз есепке алынбаған малды заңдастырунауқанын жүргізуге рұқсат беру үшінминистрлікке бірнеше рет жүгіндік, – деді Қасым Итқұсов. 

Алдын ала мәліметтербойынша, елімізде тіркелмеген мал саны432 024 құрап отыр. Оның ішінде ірі қара мал – 168 953 бас, қой-ешкі – 198788, шошқа – 1512, түйе – 6397, жылқы сны  – 56 374.

 Дерекқорға 2000 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың1 қаңтары аралығындағы ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелетін болады. Деректер базасында тіркелу кезінде «әршаруашылық бойынша есепке алу кітабы» бөлімін шаруашылықтың есепке алу кітабыныңсканерленген файлын қоса бере отырыптолтыру қажет. Бұл шара базадажан-жақты бақылау жүргізуді және енгізілген деректердіңдұрыстығын анықтауға бағытталған. Бұдан басқа «Жасыл дәліз-3» шеңберінде базаға тіркеу кезінде енгізілгендеректер кейіннен түзетуге жарамайды, – деп толықтырды басқарма басшысының орынбасары. 

Облыстық ветеринария басқармасыныңақпараты бойынша, өңірде тіркелмеген мал басын бірдейлендіру, сондай-ақ төлдердіуақытылы тіркеу үшін құлақ таңбалар саны жеткілікті. 

Өзгелердің жаңалығы