Аршалы ауданының Красное озеро ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.
Оқи отырыңыз: