АҚДМ ҮЕҰ мен мемлекеттің әріптестік тетіктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда

23 Ақпан 2022, 21:18
1417
Бөлісу:
АҚДМ ҮЕҰ мен мемлекеттің әріптестік тетіктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министрлік қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ҮЕҰ мен мемлекеттің әріптестік тетіктерін трансформациялау мәселелерін қарады.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

А.ж. 23 ақпанында аталған мәселе бойынша бірлескен талқылау өтті, оған еліміздің барлық өңірлерінен 50-ден астам ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, заңнамалық деңгейде өзекті бағыттар бойынша гранттарды халықтың қажеттіліктеріне бағыттауға, гранттық тақырыптарды іріктеудің тиісті тетігін қамтамасыз етуге, қаржыландыруды реттеуге және әкімшілік процестерін жақсартуға мүмкіндік беретін гранттарды жоспарлаудың жаңа форматын, сондай-ақ градуирленген гранттар жүйесін енгізу көзделген.

Талқылау барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың проблемалық мәселелері де қозғалды. Спикерлердің айтуынша, құқық қолданудың әлсіз тәжірибесі бірнеше жыл жалғасуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнама теориялық деңгейде жобалардың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететініне қарамастан, іс жүзінде жобаларды сапасыз жоспарлау фактілері артып келеді. Аталған теңгерімсіздікті шешу үшін Министрлік ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдар үшін, жария талқылаулар өткізу үшін бірыңғай алаң енгізу мәселесін пысықтауда.

Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыру бойынша жаңа ұсыныстарды Махаббат Еспенова, Гүлбаршын Муштанова, Айгүл Соловьева, Шыңғыс Лепсібаев, Сәуле Самидин, Зульфия Байсакова, Ринат Темірбеков, Ушакова Светлана, Рафикова Никар сияқты қоғам өкілдері білдірді.

Қатысушылар ҮЕҰ-ны мемлекеттік қаржыландыру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін ұсынымдар айтып, проблемаларды шешу тәсілдерін ұсынды.

Өз кезегінде айтылған ұсыныстар қаржылық қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі заңнамалық нормаларды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Осыған ұқсас алаңды әлеуметтік жобаларды мониторингілеу және бағалау тақырыбына арнап өткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы