Apple-дің нарықтық құны тұңғыш рет 2 трлн доллардан асты

20 Тамыз 2020, 12:26
1438
Бөлісу:
Apple-дің нарықтық құны тұңғыш рет 2 трлн доллардан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple акциялары сауда-саттық барысында 468,09 доллар деңгейіне жетті, деп жазды interfax.ru.

Apple капиталдандырылуы 2 трлн доллардан асқан АҚШ-тағы ең алғашқы қоғамдық компания атанды. Apple акциялары сауда-саттық барысында  468,09 $ деңгейіне жетті. 

Екі жыл бұрын компанияның нарықтық құны алғаш рет 1 трлн доллардан жоғары болды, мұнда да  Apple алғашқы орынға шыққан.

MarketWatch-тың жазуынша, 2020 жылдың басынан бері Apple акциялары 60%-ға қымбаттады. Компанияның капиталдандыру жүйесі нарықты жабуда 2 трлн-нан асуы үшін оның қағаздары сауда-саттықты сәрсенбіде 467,77 доллар және одан жоғары деңгейде аяқтауы керек. 

Apple акциялары коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты ақпан-наурыз айларында күрт арзандап, 23 наурызда жергілікті минимумға жетті, кейін өсу қайта басталды. Содан бері олардың құны екі есе өсті.

Apple құрылғыларына, соның ішінде iPhone-ға деген сұраныс пандемияға байланысты миллиондаған америкалық үйден жұмыс істеуге мәжбүр болған кезеңде төмендеуі мүмкін деген қорқынышқа қарамастан тұрақтылығын сақтап тұр.
 

Өзгелердің жаңалығы