Апорттың Отаны - Қазақстан екені патенттеледі

29 Қыркүйек 2023, 15:44
569
Бөлісу:
Апорттың Отаны - Қазақстан екені патенттеледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы апортының Отаны – Қазақстан екені заң жүзінде дәлелденеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, осы тұрғыда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өйткені зияткерлік меншік құқығын қорғауға баса назар аударылған.

Салада патент беру, еліміздің мүддесін дүниежүзілік деңгейде қорғау сынды мәселе бар. Оның ішінде апорт алмасын географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Президенттің арнайы берген тапсырмасы бар еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы апортынан ұлттық бренд жасау керектігін айтқан. Сондықтан біз осы жұмысты қолға алдық, - деп атап өтті ведомстсво басшысы.

Сонымен қатар министр қызу жұмыс жүріп жатқанын айтты.

Биыл қауымдастық құрдық. Бізге қарасты Qazpatent ұйымына осы қауымдастық атынан Алматы апортын географиялық көрсеткіш ету туралы өтініш түсті. Қазір оны елдің атынан тіркеуге тырысып жатырмыз, - деді Азамат Есқараев.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде алимент төлемей жүргендердің арасында әйелдер де бар екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы