Ұшақ апаты: Вице-премьер себебін айтты

27 Желтоқсан 2019, 14:28
4521
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Вице-премьер себебін айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ. KZ тілшісі. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Алматыда болған әуе апатының алдын ала себептерін атады.

Бұл тек алдын-ала болжам... Ұшақтың артқы бөлігі екі рет ұшу-қону жолағына тиген. Бұл ұшқыштың қателігі немесе техникалық себептер",-деді Роман Скляр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Ол нақты себептерді арнайы техникалық сараптама анықтайтынын атап өтті. Сонымен бірге, ол ұшақ апатынан көз жұмғандар алдыңғы қатарда отырғандар екенін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы