Ұшақ апаты. Науқастардың жағдайы тұрақты - вице-министр

28 Желтоқсан 2019, 13:38
7494
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Науқастардың жағдайы тұрақты - вице-министр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен түні жағдайы қиын науқастардың жағдайын тұрақтандыра білдік. Қазір олардың жағдайы қиын деп бағаланғанымен тұрақты. Бұл туралы ҚР ДСМ вице-министрі Камалжан Надыров Алматыда өткен брифинг кезінде айтты. 

Алматы дәрігерлері мен Нұр-Сұлтан қаласынан келген академиктер бірнеше ота жасап, жағдайды тұрақтандыра білді. Кешегі жағдай өте ауыр болды, дегенмен дәрігерлер алқашқы кезде кәсібилік танытып, бәрін еңсере білді,-деді вице-министр. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев ауруханада 49 науқастың жатқанын айтты. 

Қазіргі таңда 8 адам ауыр халде. Қалғандарының жағдайы тұрақты. Сонымен қатар тоғыз бала ауруханада ем алып жатыр. Кешеден бері науқасардың көпшілігінің жағдайы жақсарды, кейбірін ауруханадан шығаруға болады,-деді ол. 

Дәрігерлердің айтуынша, ауыр халде жатқандардың көбінің дене мүшесі бірнеше жерден сынған, кейбірінің беломыртқаларына зақым келген.

№4 ауруханада 14 ота жасалған. Дәрігерлер бүгін таңда екінші ұшқышқа ота жасағандарын, ол да ауыр халде екенін жеткізді. 

Таңертең екінші ұшқыштың беломыртқасына ота сәтті жасалды. Қазір ол наркозбен ұйықтап жатыр. Тағы бір борт серігі осында ем алуда, оның жағдайы тәуір,-дейді №4 аурухананың басдәрігері міндетін атқарушы Айман Байзолданова. 

Ал Балалар аурухансына 9 бала жеткізілген, оның үшеуі бас ми жарақатымен түссе, қалғандары реанимация бөлімшесіне жеткізіліпті. Қазір балалардың жағдайы тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы