Ұшақ апаты. Рүстем Қайдаровты қазасы біз үшін орны толмас өкініш – ІІМ

28 Желтоқсан 2019, 14:26
4304
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Рүстем Қайдаровты қазасы біз үшін орны толмас өкініш – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ қызметкерлері ішкі істер органдарының құрметті ардагері Рүстем Қайдаровтың қайғылы қазасын аза тұтты.

27 желтоқсанында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы Рүстем Қайдаров болды.

Ішкі істер министрі, сондай-ақ ІІМ-нің жеке құрамы Рүстем Есімханұлының туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Жеке құрам қаза тапқан ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рүстем Қайдаров - әділет генерал-майоры, қатардағы тергеушіден Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына дейінгі жолдардан өтті.

Рүстем Есімханұлы Қазақстан полициясының қалыптасуы мен дамуына, қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті қорғауға елеулі үлес қосты. Еліміздің әр өңірінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарып жүрген құқық қорғау жүйесінің көптеген қызметкерлерін тәрбиеледі.

Құрметті демалыста болғанына қарамастан, дәстүрлерді сақтау және дамытуға,  қазақстандық полицейлердің жас буынын патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу ісіне үлес қоса отырып, қоғамдық өмірге белсенді қатысуды жалғастырған болатын. Министрліктің құрметті ардагері Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың қайғылы қазасы еліміздің барлық құқық қорғау жүйесі үшін орны толмас қаза, - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы