Аңызға айналған боксшы Майк Тайсон көшеде төбелес ұйымдастырғысы келеді

25 Тамыз 2021, 17:29
1728
Бөлісу:
Аңызға айналған боксшы Майк Тайсон көшеде төбелес ұйымдастырғысы келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон өзінің көше жекпе-жегінде жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Бұл туралы ол Essentially Sports баспасына берген сұхбатында мәлім етті.

55 жасқа келген ол көшеде төбелеске шығып, бірнеше қарсыласын нокаутқа жіберуге қарсы емес екенін хабарлады.

Иә, бұл біртүрлі естіледі. Әйелімнен ылғи сөз естимін. Көшеде біреудің маған жабыла кеткенін қалаймын. Қазір ұра жөнелетін адам іздеп тұрамын, - деді боксшы.

Айта кетейік, бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы жас кезінде 400-ден астам көше жекпе-жегіне қатысқанын мойындады.

Еске салайық, Майк Тайсон өткен жылы кіші Рой Джонсқа қарсы дуэль өткізген болатын. Аты аңызға айналған екі боксшының жекпе-жегі тең аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы