Аңызға айналған «Атырау-Астрахань» жолы қашан аяқталады. Министр жауап берді

3 Ақпан 2022, 17:01
3192
Бөлісу:
Аңызға айналған «Атырау-Астрахань» жолы қашан аяқталады. Министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар алаңында еліміздің батысындағы автожолдарда іске асырылып жатқан жобалар және проблемалар мен шешу жолдары туралы отырыс өтіп жатыр.

Аталған іс-шараның алғы сөзін  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бастады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының проблемасы тек жолмен шектелмейді. Ауызсу, баспана өндірістің дамуы сынды мәселелер жетіп артылады. Дегенмен біздің жаңа форматымызда өзекті дейтін мәселелерді талқылауға тырысамыз, -деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ отырыста Индустрия министріне Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсенбаев автожол мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

Аңыз болып кеткен жол біздің «Астрахань-Атырау» жолы. Президентке берген протокол ішінде бұл жолдың жұмысы 2021 жылы аяқталуы тиіс. Алайда жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Жұмыс тоқтап тұр. Жол торабының жанындағы елді мекендер қиыншылық көріп отыр. Не себептен? Кімнен кемшілік кетті?, - деді Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсенбаев.

Депутаттың айтуынша, «Астрахань-Атырау» жолын 2025 жылға дейін үш жыл созудың қажеті жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бұл сауалға былай жауап берді.

Атырау жұртының ренжитін жөні бар. Бұл жұмыс басталып кетті. Және ол екі кезеңнен тұрады. Жолдың екінші кезеңі созылып кетті. Оның себебі «Жаңа Жол Семей Институты» осы жобаны жасағанда жергілікті аймақтың топырағын сол өңірдің жұмысына қосқан. Ал кейін жұмыс басталғанда ол топырақ жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты медігерлер мұндай аралас топырақты қолдана алмаймыз.  Сапасы бұзылады деп шағымданды. Қазір құрылыс компаниясы жазаға тартылып, қайта тапсырма берілді. Жолды биыл толық дайындап, 2023 жылы қолданысқа береміз деп отырмыз, -деді министр.
 

Өзгелердің жаңалығы