Антикор: Сыбайлас жемқорлық - квазимемлекеттік секторды тиімді басқаруға кедергі келтіреді

31 Наурыз 2023, 11:03
1312
Бөлісу:
Антикор: Сыбайлас жемқорлық - квазимемлекеттік секторды тиімді басқаруға кедергі келтіреді
Фото: автордан

Мұндай пікірді елордада «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында өтіп жатқан форумда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры Дмитрий Малахов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Антикор төрағасының бастамасымен елімізде бизнесті және кәсіпкерлерді қолдау үшін «Бизнеске жол» жобасы басталған.

Жоба басталғалы бері 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Оның ішінде 200-дей кәсіпкер квазимемлекеттік жұмысына шағым жасаған болатын. Нәтижесінде 46 тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік және тәртіптік шаралар. Мысалы, Ақмола облысында былтыр «Қазавтожол» компаниясы ақпараттық жұмысқа байланысты 209 кәсіпкерге жүкті тасымалдау кезінде салмақты бұзғаны жөнінде мәлімдеме келтірген болатын. Жүк тасушылардың «тасымалдау салмағы асып кеткен жоқ» деген уәждері мүлде қарастырылмаған. Сондай-ақ 209 хабарлама алынып, 40 әкімшілік іс бойынша қайтадан тоқтатылған болатын, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, осындай олқылықтардан кейін «комплаенс қызметі бұған неге ден қоймай отыр?» деген сұрақ туындайды. Бұл жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр.

Квазимемлекеттік сектор - өте маңызды сала. Бұл саланы тиімді басқаруға кедергі келтіретіні - сыбайлас жемқорлық. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін қолдап, оны дамытуымыз өте маңызды. Өйткені бұл пәрменді институт және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды орындауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Көптеген ұйымда проблема бар. Сол себепті сыбайлас жемқорлықты төмендету және оны азайту мәселесі өте маңызды, - деп түсіндірді Дмитрий Малахов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары комплаенс жемқорлықпен күрестегі басым құралдардың бірі болуы керегін айтты.

Айта кетейік, елордада жемқорлықтың алдын алуға арналған форум өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы