Елордада жемқорлықтың алдын алуға арналған форум өтіп жатыр

31 Наурыз 2023, 10:29
734
Бөлісу:
Елордада жемқорлықтың алдын алуға арналған форум өтіп жатыр
Фото: автордан

Елордада алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Саян Ахметжанов форумның негізгі мақсатын түсіндіріп берді.

«Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» институты елімізде үш жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Биыл Парламент мақұлдаған заңға Президент қол қойып, комплаенс қызметін одан әрі жетілдіру, ұйымдастыру және үлгілік ережесін бекіту жөнінде мүмкіндіктер берілді, - деді ол.

Сөзінше, Антикор үлгілік ережелерді бекітіп, Әділет министрлігіне жібереді. Соған сәйкес әр квазимемлекеттік ұйымдардың арасындағы құрылып жатқан комплаенс қызметтерді жоба, тәртіп ретінде арнайы ұйымдастырылады.

Елордада жемқорлықтың алдын алуға арналған форум өтіп жатыр

Бүгінгі форумның негізгі мәселесі агенттікпен бірлесіп, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен квазимемлекеттік сектор саласында жұмыс істеу. Комплаенс - ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары, ішкі тәуеуелдерді жою, оларды анықтау, жұмыстарына қайшы келетін сыбайлас тәуекелдерін жою, - деп түсіндірді Саян Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы