ANTIKOR онлайн айтысының жеңімпаздары белгілі болды

6 Мамыр 2020, 03:48
1840
Бөлісу:
ANTIKOR онлайн айтысының жеңімпаздары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген бірінші ANTIKOR онлайн айтысының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыр аламаны үш аптадан астам уақыт онлайн режимде өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысты. 
 

Онлайн айтыс қалай болады екен, халық қалай қабылдар екен деп ойланып едім. Құдайға шүкір, айтыс жарқырап көрінді. Қазақ табиғатынан ақын халық. Сол ақындығын осы жолы көрсетті. Мені қатты қуантқаны - біздің айтыстың өресі биіктей бастағаны. Осы аты жаман нәрсе тезірек кетсе екен деп тілеймін. Осындай қиын сәтте халық үйде отырғанда біздің айтыскерлер жарқ ете қалды. Жас болса да, келелі ойлар айтты, халқының көкейінен шығатын ақылды сөздер айтты. Мен өзім ризамын. Бұл жолғы айтыстың ерекшелігі - қатысушылардың бағасына араласқан жоқпыз, айтыстың төрешісі халық болды. Шын жүректен әділ бағаларыңызға, қолдауларыңызға алғыс айтамын, - деді қазылар алқасының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.   

Бас жүлде үшін елордалық Бек Шымат пен шымкенттік Бекжан Базарбек тартысқа түсті. Көрермендер шешімімен елордалық Бек Шымат жеңіске жетіп, Алтын-Орда дизайн үйінің "Тәңірі" эксклюзивті этно-инсталяциясын алды. 

Бекжан Базарбек бірінші орынға 400 000 теңге ақшалай сыйлық алды. Көрермендердің дауыс беруі арқылы екінші орынға және 300 000 теңге ақшалай сыйлыққа Нұрбол Жауынбаев ие болды. Үшінші орын мен 200 000 теңге жүлде Нартай Тілеуқұлға берілді. 

Сонымен бірге, Мырзатай Жолдасбеков әр қатысушыға өзінің сегіз томдық шығармалар жинағын тарту етті.


 

Өзгелердің жаңалығы