Атырау облысында 15 желтоқсанда аңға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 61 жастағы ер адамға іздеу жарияланған болатын. Ол Каспий теңізінің жағалауына аңға шыққаннан кейін үйіне қайтып оралмаған.
Аймақтық полиция департаментінің хабарлауынша, Жылыой ауданында қамыс арасынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, - деп жазылған полиция хабарламасында.