«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың ЭКО процедурасы жасалды

16 Қыркүйек 2022, 17:25
1810
Бөлісу:
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың ЭКО процедурасы жасалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жүйе енгізілген 2,5 жыл ішінде қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Медицинаның барлық проблемаларын мұндай уақыттың ішінде шешу мүмкін емес. Алайда қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде ғана қолжетімді болған медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың ЭКО процедурасы жасалды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, қор 4 мың репродуктивтік қызметті қаржыландырған. 

МӘМС 4 мың репродуктивтік қызметті қаржыландырды. Әр жасалған ЭКО бағдарламасының артында денсаулық жағдайы мен процедураның қымбаттылығына себепті ата-ана атану бақытын аңсаған отбасы тұр, - деді департамент басшысы.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлжан Шайхыбекова МӘМС 7 ай ішінде 95 млн медициналық қызметті қаржыландырғаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы