МӘМС 7 ай ішінде 95 млн медициналық қызметті қаржыландырды

16 Қыркүйек 2022, 17:04
2146
Бөлісу:
МӘМС 7 ай ішінде 95 млн медициналық қызметті қаржыландырды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

МӘМС жүйесі енгізіліп, медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестік артып, жекеменшік емханалардың саны көбейгелі бері пациенттер де талапшыл бола бастады. Медицина ұйымдарындағы қызмет көрсету проблемалары өрши түсті. Соған байланысты, біз жеткізушілерге қойылатын талапты күшейтуге мәжбүрміз. Сол арқылы медициналық қызметтің сапасына ықпал етіп, пациенттің алдында медұйымның жауапкершілігін арттыруды көздедік, - деп атап өтті министрлік өкілі.  

Сондай-ақ ведомство басшысы биыл 7 ай ішінде жүйе арқылы қанша қызмет көрсетілгеніне тоқталды.

Биыл 7 ай ішінде салалық мамандар 95 млн консультация мен диагностикалық тексерістер өткізген. Соның ішінде КТ, МРТ, ПЭТ сынды бағасы жоғары тексерулерді қамтыған. Жекеменшік емханалар заманауи жабдықтар мен сервистік бөлікке инвестиция салу арқылы медициналық қызмет көрсету ауқымын кеңейтті, - деді  департамент басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері медициналық көмекті қаржыландыру 80%-ға артқандығы туралы айтқан болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы