Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай Сассекс қаласында болды, деп хабарлайды Daily Mail.
Оқи отырыңыз:
БАҚ мәліметінше, сиырлар әжей күшігімен серуендеп жүргенде шабуыл жасап, құлатқан. Зейнеткер орнынан тұруға оқталғанмен, ірі қаралар оған мұрша бермеген. Қансыраған қария өте ауыр жағдайда тікұшақпен Лондон ауруханасына жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Қазір табын сиырды басқа ауданға айдап әкетті, олар адамдардан оқшау жерде ұсталмақ.