Баянауыл ауданының аумағындағы өрт ауыздықталды

24 Қыркүйек 2019, 01:21
2374
Бөлісу:
Баянауыл ауданының аумағындағы өрт ауыздықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданындағы өрт шарпыған бес ауылдық округтің үшеуінде өрт толықтай сөндірілді. Жапа шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған штаб қызметкерлері өрт сөндіру жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қызыл от шарпыған үш ауылдық округте өрт толық сөндірілді, тағы да екі ауылда өрттің бетін қайтарды. Сонымен қатар, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің тау бөктерлеріндегі өртті сөндіру жұмыстары да жүріп жатыр.

«Бұл орман-дала өртінің пайда болуына және сөндірушілерге бой алдырмауына өткен күндері ауданда ауа температурасының жоғары болуы және жылдамдығы секундына 20-24 метрге дейін жеткен желдің күшеюі себеп болды. Кешеден бері өртті сөндіруге 120 бірлік техника мен департаменттің жеке құрамы, ұлттық парк қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының өкілдері, барлығы  500 адам жұмылдырылды», - деді өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Таңертең өрт сөндіруге МИ-8 тікұшағы да кіріседі. Үш тонналық цистернаны көтеріп ұшатын әуе техникасының көмегімен жолүсті техникасы жете алмайтын аумақтардағы өрт сөндіріледі.

Өзгелердің жаңалығы