Андрей Лукин «Орман кесу» туралы заңнаманы қатаңдатуды ұсынды

11 Қараша 2021, 11:34
842
Бөлісу:
Андрей Лукин «Орман кесу» туралы заңнаманы қатаңдатуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Андрей Лукин жасыл желекті кесуді заң жүзінде реттеудегі олқылықтар туралы айтты.

Сенатор Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы мәселе көтерді.

Соңғы бірнеше жылда БАҚ-та жаппай заңсыз ағаш кесу туралы ақпарат жиі пайда бола бастады. 2020 жылы Алматы қаласында Қызыл кітапқа енген емен ағаштарының кесілуі, Шымкент қаласында автожолдардың құрылысы кезінде рұқсатсыз және өтемақысыз 2 мыңнан астам ағаш пен тал-бұтаның оталуы жұртшылық арасында ашу-ыза туғызған болатын, – деді ол.
Оның сөзінше, орман кодексіндегі қолданыстағы ережелер ағаштар мен бұталарды кесілуден жеткілікті түрде қорғай алмайды.
Ережелерді бұзғаны немесе ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келген залалды анықтау қажет. Бұл ретте залалды есептеу үшін уәкілетті орган белгіленбеген және залалды анықтау әдістемесі жасалмаған, сондықтан кінәлі адамдар жазасыз қалып отыр, – деп атап өтті Андрей Лукин.
Сенатор осыған байланысты заңнаманы жетілдіру мәселесіне Үкімет мүшелерінің назарын аударып, Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесуге рұқсат беруді ережелерден алып тастауды сұрады.
Өзгелердің жаңалығы