Қанат Ислам 4 раунд сынған қолмен жұдырықтасқан

27 Қазан 2019, 15:49
3898
Бөлісу:
Қанат Ислам 4 раунд сынған қолмен жұдырықтасқан
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен болған жекпе-жекте 10 раундтың 4-еуінде сынған қолмен жұдырықтасқан. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Боксшының командасы хабарлағандай, 7-раундта Қанаттың қолы сынып кеткен. Соған қарамастан ол жұдырықтасуды тоқтатпаған. Соның кесірінен ол қарсыласына соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен кейін боксшының сынған қолына гипс салып берген. 

Сонымен қатар кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко жекпе-жек неліктен 10 раундтан тұрғанын айтып берді. 

"Бұл жекпе-жек WBO супервайзерлерімен сертификатталған. Бұл чемпиондық жекпе-жек болмағандықтан 10 раундтық бола алады. Бұндай шешім екі жақтың келісімімен болады. Яғни Қанат Исламның жағы да, Каутондоква жағы да жекпе-жек 10 раунд болатынын білді" , - деді Демьяненко.
Естеріңізге сала кетейік, 10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Қанат жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтаған еді.

photo_98502.jpg  photo_98504.jpg
photo_98505.jpg




Өзгелердің жаңалығы