ҚР Мәдениет және спорт министрі Қанат Исламды жеңісімен құттықтады

27 Қазан 2019, 13:35
2094
Бөлісу:
ҚР Мәдениет және спорт министрі Қанат Исламды жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кәсіби боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрметті Қанат! Сізді барша жанкүйерлердің және жеке өз атымнан Уолтер Каутондоквамен өткізген тартысты жекпе жекте жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын! Бүгінгі кездесуде сіз өзіңізге тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы атағын қорғап қалдыңыз. Деніңізге саулық, алдағы жекпе жектеріңізге жарқын жеңістер тілеймін!" , - деп жазылған құттықтау хатта.
Естеріңізге сала кетейік, 10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Қанат жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтаған еді.
Өзгелердің жаңалығы