Қанат қайсар мінезін көрсете білді – Сағынтаев боксшыны жеңісімен құттықтады

27 Қазан 2019, 11:33
2257
Бөлісу:
Қанат қайсар мінезін көрсете білді – Сағынтаев боксшыны жеңісімен құттықтады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады.

"Қанат Исламның титулдық жекпе-жегі жеңіспен аяқталды. Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, Чемпион!", - деп жазды Сағынтаев инстаграмдағы парақшасына.

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шыққан болатын.

10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Қанат жеңіске жеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы