ұстау
-
Ауруханадан қашып кеткен сотталушы Түркістанда ұсталды
Түркістан облысының полицейлері ауруханадан қашып кеткен сотталушыны қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.10.2025
-
Парламент ғимараты маңында атыс болды
Парламент ғимаратының маңында атыс болып, бір адам жарақат алды. Шабуыл жасаған ер адам шатырды өртеп, жарылыс болған. Бұл оқиға куәгерлер арасында дүрбелең тудырды. Күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Жасөспірім үйінен 2,5 млн теңге алып, "жаңа өмір" бастау үшін Астанаға қашқан
Қостанайда 15 жастағы жасөспірім үйінен 2,5 миллион теңге алып қашып кеткен. Ол Астанаға "жаңа өмір" бастау үшін жолға шыққан, алайда полицейлер оны "Екатеринбург – Алматы" тас жолында ұстады. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.10.2025
-
Зейнетақы қорынан "тіс емдеу" үшін 46 млрд теңге шешкен үш жігіттің біреуі ұсталды
Ал тағы екеуі шетел асып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.10.2025
-
Алматыда көршісін көлікпен әдейі қаққан жүргізуші ұсталды
Жетісу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында көршісін көлікпен әдейі қаққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025
-
Израиль күштері Газаға бағытталған гуманитарлық кемелер керуенін тоқтатты
Израиль әскері Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізген гуманитарлық флотилияны тоқтатты. Тоғыз кеме мен 150 адам ұсталды. Түркия бұл әрекетті халықаралық құқықтың бұзылуы деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
08.10.2025
-
Қазақстандағы ірі есірткі сатушылардан жүздеген грамм мефедрон тәркіленді
Қазақстанның бірнеше өңірінде синтетикалық есірткіге қарсы күрес күшейіп келеді. «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу және Шымкент қалаларында бірқатар заңбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.10.2025
-
"Құлагер" хоккей командасының басшысы Сергей Филь ұсталды
Солтүстік Қазақстанда "Құлагер" хоккей командасының басшысы Сергей Филь алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу дерегінше, ол шетелдік хоккейшілерден құжат рәсімдеу үшін ақша жинаған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
-
Ішімдік пен есірткіге мас күйде көлік жүргізген прокурор лауазымынан айырылып, қамалды
Өскеменде прокурор мас күйінде көлік айдап, жол апатын жасағаннан кейін қызметінен босатылды. Оның қанынан алкоголь мен марихуана табылған. Сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
-
Жалған рецептімен алып отырған: 71 жастағы әйел "Трамадол" сақтағаны үшін ұсталды
Ақмола облысында 71 жастағы әйел трамадол сақтағаны үшін ұсталды. Ол бірнеше жыл бойы жалған рецепт жасап, күшті дәріні дәріханалардан алып отырған. "Дәрмек" операциясы кезінде өңірде тағы да фармацевтикалық заңбұзушылықтар әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
01.10.2025
-
Криптовалютаға инвестиция деп алдаған: БҚО-да 27 жастағы жігіт ұсталды
Батыс Қазақстан облысында криптовалюта арқылы ірі интернет-алаяқтық сызбасы әшкереленді. 27 жастағы күдікті 20-дан астам тұрғынды «дроппер» ретінде тартып, ұрланған қаражатты Bybit және Binance платформалары арқылы криптовалютаға айналдырып отырған. Полиция тергеуді аяқтауға жақын және азаматтарды жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Рудный қаласының прокуроры ұсталды – Бас прокуратура
Қостанай облысындағы Рудный қаласының прокуроры прокурорын қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.09.2025
-
Таразда Президент саябағы маңында жасөспірім пышақ ұстап жүрген
Тараздағы Президент саябағы маңында Ұлттық ұлан сарбаздары пышақ ұстаған жасөспірімді ұстап, полицияға тапсырды. Оқиға Қаратау ықшамауданында патрульдеу кезінде анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Атырауда 9 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды
Атырауда 9 жасар баланы балалар алаңында соққыға жыққан 21 жастағы күдікті ұсталды. Бала жеңіл жарақат алып, психологиялық көмек көрсетілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
24.09.2025
-
Жезқазғанда ұсталған мас жүргізуші енді ешқашан көлік тізгіндей алмайды
Жезқазғанда көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйде рөлге қайта отырған ер адам сот үкімімен 6 айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.09.2025
-
Заңсыз микрокредит дауы: Қазақстанда атышулы кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды
Қазақстанда «Актив Маркет» желісінің иесі Сергей Койнов ұсталды. ҚМА заңсыз несие беру, кіріс заңдастыру схемасын ашып, 3,5 млрд теңге көлемінде қаржы заңсыз алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Жетісудағы "отбасылық бизнес": ерлі-зайыпты мен ұлы 30 келі марихуанамен ұсталды
Жетісу облысында полиция "Қарасора-2025" операциясы аясында отбасылық қылмыстық топты құрықтады. Ерлі-зайыпты мен ұлынан 30 келіден астам марихуана тәркіленіп, барлығы қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
18.09.2025
-
7 жыл қашқан экс-шенеунік Түркиядан Қазақстанға қайтарылды
Түркиядан экстрадицияланған бұрынғы шенеунік заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ол 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.09.2025
-
Америкалық саясаткер Чарли Кирктің қазасы: күдіктіні өз отбасы ұстап берген
АҚШ-та Чарли Киркті өлтірді деген күдікті Тайлер Робинсон ұсталды. Оны отбасы мүшесі әшкерелеген. ФБР оқиға орнынан қару мен жазуы бар гильзаларды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
12.09.2025
-
Алматыда жалған полицейлер тұрғындардан ақша бопсалаған
Алматыда өзін полицейлер ретінде таныстырып, тұрғындардан ақша бопсалаған адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
12.09.2025