Бүгiн 2026, 19:22 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Ербол Бекболат

Атырау облыстық полициясының бұрынғы басшысы қамауға алынды

Тергеу есірткі заттары тіркелген істерге байланысты жүргізіліп жатыр.

Атырау облыстық полициясының бұрынғы басшысы Бакытбек Исаев уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Экс-басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған, ол ішкі істер органдарынан теріс негіздермен жұмыстан шығарылған.

Дереккөздердің мәліметінше, тергеу заттай айғақ ретінде есірткі заттары тіркелген істерге байланысты. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері тексеріліп жатыр, алайда іс бойынша нақты құқықтық баға әзірге жарияланған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл іс бойынша шамамен 17 адам күдікке ілінуі мүмкін. Олардың қатарында қылмыстық істер мен заттай айғақтармен жұмыс істеген полиция қызметкерлері де бар. Арасында салалық бөлімшелердің басшылары, соның ішінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері болуы мүмкін.

Қалған қатысушылардың процессуалдық мәртебесі нақтыланбады. Тергеу жалғасып жатыр.