Бүгiн 2026, 15:58 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Алматыда мектепке балтамен келген оқушы қыз ұсталды

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып жатыр.

Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен келген. Полиция бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мектеп оқушысы әлеуметтік желідегі нұсқауларға еріп әрекет еткен. Алайда полицейлер дер кезінде шара қолданып, қайғылы жағдайдың алдын алған.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып жатыр.

Сонымен қатар, оқушының ата-анасына қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша тергеу басталды.

Еске салайық, ақпанда Атырау облысында оқушы мектепке балта алып келіп, екі сыныптасын жаралаған оқиға болған еді.

Артынша оқушының анасы баласына буллинг жасалғанын мәлімдеді.