Жахметова Жанат Зарубекқызы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі
Туған жылы: 1986 жыл
Туған жері: Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін,
Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін
Абердин университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.
2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.
2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2020 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болып тағайындалды
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40