Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы
Кино және театр актер, режиссер
Туған жылы: 1948 жылы 2 қазан
Туған жері: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған
Білімі: 1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер иниституты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева.
Еңбек жолы:
1970 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.
1979 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "актерлік шеберліктен" сабақ береді.
Тамаша ойын-сауық отауында да өнер көрсетті.
1993-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік кеңесінің төрағасы.
"Қазақстан Театр Қайраткерлері" одағының төрағасы.
Марапаттары:
2015 - Достық ордені (ІІ дәрежелі)
2008 - Парасат ордені
1992 - Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1992 - Қазақстанның халық әртісі
1982 - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ ССР)
1980 - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006)
Байзақ ауданының құрметті азаматы (2005)
ҚР көптеген мерекелік медалдарымен президенттің жеке алғыс хаттарымен марапатталған
Өнертану ғылымдарының канидиаты, профессор (құрметті ғылыми атағы)
ҚР Білім беру ісінің Үздігі
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40