Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы
Қазіргі лауазымы: ҚР Сенат депутаты
Туған жылы: 1961 жылы 29 сәуір
Туған жері: ҚызылОрда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған.
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1984), журналист.
ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан).
Қазақ, орыс және араб (сөздікпен) тілдерін біледі.
1984 жылдан - «Қызыл ту» (қазір «Сарыарқа самалы») Павлодар облыстық газетінің тілшісі, аға тілшісі, көлік және қатынас бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
1990 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
1996 жылдан - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы.
2002 жылдан - «Ақ жол, Қазақстан» газетінің бас редакторы.
2005 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас директоры.
2007 жылдан - «Астана хабары» газетінің бас редакторы.
2008 жылдан - «Айқын» газетінің бас редакторы
2019 жылдан - ҚР Сенат депутаты
«Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының (1995), БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың (1998), «Алтын Адам» сыйлығының (2000) лауреаты.
«Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалық жинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы.
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01
- Балқашта тағы да қайталанды: Жағажайға көлікпен кірген азамат жазаланды 10:53