Ыбырайымов Ғалымжан Уалиханұлы
Қазіргі лауазымы: Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
- Туған жылы 27 қазан 1965 жыл
Білімі: 1965 жылы туған. Ұлты – қазақ. 1988 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы СББ станоктары операторының оқушысы, содан соң С.Киров атындағы машина жасау зауытының 3-разрядты операторы болып бастады.
1983-1988 ж.ж. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының күндізгі бөлімінде оқыды.
1989-1994 ж.ж. «Табиғи битумдар» БҒЗИмұнай қазақстандық бөлімінің кешенді өңдеу және БҚТ зертханасының инженері лауазымында жұмыс атқарған.
1994 жылдың маусымынан 1996 жылдың шілдесіне дейін «Қазмұнайбитум» БҚТ ТБ ҒӨБ өңдеу зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1996 жылы шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетке Әлеуметтік сала, жылжымайтын мүлік және талдау бас басқармасының жетекші маманы лауазымына қабылданды,
1997 жылдың қаңтарында Мемлекеттік меншікпен жұмыс басқармасының бас маманы лауазымына тағайындалды.
1997 жылдың мамырынан 1999 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментінде, Мемлекеттік кәсіпорындар мен мүлік басқармасының бас маманы, кейін сектор меңгерушісі, Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың мүлкін пайдалануды бақылау басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - ММЖК) Мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік меншік басқармасының бөлім бастығы.
1999 жылдың тамызында бастықтың орынбасары, 2000 жылдың қазанында бастықтың міндетін атқарушы, қарашада – ММЖК-нің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2008 жылғы шілдеден 7 қарашаға дейін ММЖК-нің төрағасы орынбасарының міндетін атқарған,
2008-2020 жылдары ММЖК төрағасының орынбасары.
- Алматы дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды 11:51
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01