Ыбыраев Бауыржан Мұхтарханұлы
Қазіргі лауазымы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ және атом энергетикасы жөніндегі бас директоры
Туған жылы: 1958 жылы туған.
Білімі: 1983 жылы физика мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
Физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие,
ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Еңбек жолын 1983 жылы Қазақ КСР-нің Ядролық физика институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісі, физика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарған.
1996 жылы АЭЖХА бағыты бойынша Берлин нейтрондық зерттеулер орталығында (BER-2 реакторындағы жұмыстар) тағылымдамадан өтті,
1999 жылы Эксперименттік теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының (ЭТФ ҒЗИ) директоры лауазымына ауысты.
2001 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Тау-кен компаниясы» ЖШС, «КенДала.kz» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС еншілес кәсіпорындарын басқарды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2015 жылдын тамыз айынан бастап Өндіріс және ЯОЦ жөніндегі бас директоры лауазымында қызмет етті,
2018 жылдың қаңтарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ және атом энергетикасы жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.
Атом саласының еңбегі сіңірген қызметкері, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40