Василенко Роман Юрьевич
Қазіргі лауазымы: СІМ орынбасары
Туған жылы: 1972 жылы 14 тамыз
Туған жері: Шымкент қаласында туылған.
Білімі: 1994 ж. – Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздікке бітірген.
1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт.
1996-1999 жж. – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі.
2000-2007 жж. – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшы Хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2012-2013 жж. – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалы және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2013-2014 жж. – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2014-2016 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2016-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2022 ж. қаңтар айынан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.
I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Ағылшын, француз және вьетнам тілдерін меңгерген.
«Ерен еңбегі үшін» (2008), «Құрмет» ордені (2016), мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026