Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Туған жылы: 1965 жылы 12 ақпан
Туған жері: Астрахан облысында (Ресей) дүниеге келген.
Білімі: 1986 жылы Ташкент жоғары танк командалық училищесін тәмамдаған.
Қызметін ГСВГ танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводының командирі болып бастады. Әр жылдары танк батальонының, танк полкінің, механикаландырылған бригаданың командирі болып қызмет етті.
2006-2008 жылдары "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқару штабы бастығының орынбасары болды.
2008 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2010 жылы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының штаб бастығы болып тағайындалды.
2013-2016 жылдары "Астана"өңірлік қолбасшылығының әскерлерін басқарды.
2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы 2021 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
2020 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілді
- ІІ-дәрежелі "Даңқ" ордені (2017)
- Мерейтойлық медальдар
- Еңбек сіңірген жылдары үшін медальдар
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40