Оразалин Оңдасын Сейілұлы
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/profile.php?id=100035085436635
Туған жылы: 1963 жылы туған.
Білімі: 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын,
1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1985-1986, 1987-1988 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.
1988-1990 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1990-1993 жылдары – жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.
1993-1999 жылдары – «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.
1999-2000 жылдары – «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.
2000-2003 жылдары – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.
2003-2004 жылдары – Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.
2004-2005 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.
2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2017-2019 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары
2019 жылдың 26 ақпанынан Ақтөбе облысының әкімі
2022 жылы 31 тамызда Ақтөбе облысы әкімі лауазымынан босатылды
«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.
Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026