Оразаев Марат Әбілахатұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысы
Туған жылы: 1967 жылы 3 ақпан
Туған жері: Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
1991-1992 жж. - Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының экономисі (1991);
1993-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратының жетекші экономисті, бас экономисті, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары.
1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті басшысының орынбасары және басшысы.
1999-2002 жж.- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары.
2002-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2008-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі
2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары
2012- 2015 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бас инспекторы, шаруашылық басқармасы Басшысының орынбасары.
«Астана ЭКСПО-2017» АҚ Ұлттық компаниясы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылдан бері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысы
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026