Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде:
Туған күні: 1962 жылы 31 тамызда
Туған жері: Қарағанды
Білімі: Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.
Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.
1985-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.
1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.
1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті.
1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2006-2009 жылдар аралығында – Қарағанды облысының әкімі.
2009-2012 жылдар аралығында – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2012 жылғы 20 қаңтар – 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.
2014 жылғы 3 сәуір – 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.
2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2022 жылғы 1 ақпанда өз өтінішімен депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40