Ниетбаев Марат Әбенұлы
Қазіргі лауазымы: Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры
Туған жылы: 1956 жылы туған.
Білімі: 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын «Металлургиялық өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген.
Техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1980 жылы Шымкент қорғасын зауытында 5-дәрежелі балқытушы лауазымында бастап, кәсіпорынның бас директорына дейін қызметтер атқарды.
Кейінгі жылдары әртүрлі ірі ұйымдарда басқарушы лауазымдарда болды.
Қазақстан Республикасының ұлттық атом копаниясының жүйесінде 12 жыл жұмыс істеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Тау-кен департаменті директорының,
«Тау-кен компаниясы» ЖШС және «Кең Дала.kz» АҚ Бас директорының лауазымдарын атқарды.
Сондай-ақ «ЮрАзия Энерджи Холдингс ЛТД» компаниясының қазақстандық филиалының жетекшісі және «Uranium One Inc» компаниясының өндіріс жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарды.
2018 жылдың қаңтарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ І дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті төсбелгісімен марапатталған.
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01
- Балқашта тағы да қайталанды: Жағажайға көлікпен кірген азамат жазаланды 10:53