Мырзакеров Бауыржан
Қазіргі лауазымы: Қарағанды облысының прокуроры
Туған жылы: 1975 жыл
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Бас әскери прокуратураның Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әр уақытта Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек гарнизоны әскери прокурорының бірінші орынбасары,
Орталық аймақ әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры,
Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылғы мамырдан бастап - Бас прокуратураның Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы лауазымында болды.
2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры
2022 жылы мамырдан бастап Қарағанды облысының прокуроры
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 21 жылдан астам. Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.
Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40