Мусин Қанат Сергейұлы
Қазіргі қызметі:
Туған жылы: 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген.
Білімі: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.
Еңбек жолы: 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Әділет министрі болып тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Әділет министрі қызметінен босатылды
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026