Коновалов Сергей Алексеевич
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Туған жылы: 1976 жылы
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998–2000 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері және аға зертханашысы болып жұмыс істеген.
2000–2002 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2002–2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
2008–2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі.
2016–2018 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі.
2018 жылғы наурыз айынан қыркуйекке дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01
- Балқашта тағы да қайталанды: Жағажайға көлікпен кірген азамат жазаланды 10:53