Қиясов Ерлан Аңсағанұлы
Қазіргі лауазымы: ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы
Әлеуметтік желідегі расталған парақшасы:
Туған жылы: 1973 жыл
Туған жері: Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы,
2005 жылы Орталық Азия университетін «Қаржы және несие» мамандығы,
2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастаған.
1997-1999 жылдары – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Әуе көлігіндегі Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында балалар және жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімшелерінің санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық пунктінің эпидемиолог дәрігері.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы оперативті бөлімінің меңгерушісі, жалпы гигиена жөніндегі санитариялық дәрігері.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің бастығы.
2006-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы басшысының орынбасары.
2020 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.
2022 жылы қаңтарда өз өтінішімен Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымынан босады.
2022 жылы 15 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40