Келигов Юсуп Хасанұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
Туған жылы: 1963 жыл
Туған жері: Ингушетия ауданының Назранов ауылында дүниеге келген.
Білімі: Целиноград мемлекеттік құрылыс шеберлері мектебін, Целиноград Көлік құрылысы техникумын, Қазақ мемлекеттік академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор.
Целиноград қаласына 1978 жылы 15 жасар жасөспірім жазғы демалысқа туысқандарына келіп, Қазақстанда қалып қояды.
Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы Шалқар РСХО құрылыс учаскесінде жұмысшы ретінде бастады.
«Ерейментау» совхозында шебер, «Шалқар» совхозында аға прораб болып жұмыс істеді. Әскерден кейін Ерейментау райпромкомбинаттың директоры орынбасары лауазымына көтерілді.
1998 жылы «Цесна» корпорациясының «Химцес» ЖШС директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының «Астана орманы» ЖШС дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істейді.
2019-2020 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының депутаттығына үш рет шақырылған. «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен мараптталған.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40