Ізбастин Теміртай Рымтайұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Туған жылы: 1957 жылы 10 қыркүйек
Туған жері: Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған.
Білімі: Алматы мемлекеттік медицина институтын (1980 ж.),
Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (2008 ж.),
Ресей СІМ Дипломатиялық академиясында Халықаралық дипломатиялық курстарын бітірген (1999 ж.).
Болгариядағы София университетінің доктор (PhD) ғылыми дәрежесіне ие (2015 ж.).
Неміс, болгар және ағылшын тілдерін меңгерген.
ҚР СІМ жүйесіндегі қызметін 1994 жылдан бастап, Қазақстанның Венгрия мен Қытайдағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
1997 жылдан 2001 жылға дейін Дюссельдорф-Мейрбуш қаласында (ГФР) ҚР консулы болып жұмыс істеді.
2002 жылы ҚР-ның Аустриядағы Елшілігінің консулы, кейін кеңесшісі болып тағайындалды.
2005 жылдан 2009 жылға дейін Консулдық қызмет департаментінде басқарма бастығы, директордың орынбасары лауазымында және департамент директорының міндетін атқарды.
2009 жылы Болгариядағы Қазақстанның Дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанның Болгариядағы Елшісі. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40