Құрманова Айзада Амангелдіқызы
Қазіргі лауазымы: Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Туған жылы: 1970 жыл
Туған жері: Железин ауданының Абай ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын,
2015 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын "Мемлекеттік жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған
Еңбек жолын 1992 жылы Май ауданындағы Ақшиман орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған. Алты жыл бойы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, содан кейін сол оқу орнының директоры болды.
1998-2002 жылдары Екібастұз қаласындағы №10 орта мектепте мұғалім және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.
2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Екібастұз қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары және Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2011 жылдан 2014 жылға дейін Лебяжі ауданының әкімі болды.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 жылғы наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.
2020 жылдың шілдесінен Павлодар облысы әкімінің орынбасары
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026